00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Енді бұл – қуанышты жаңалық!»: Бүлікшілер «Қалаулым» студиясын өртеп жіберген

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Енді бұл – қуанышты жаңалық!»: Бүлікшілер «Қалаулым» студиясын өртеп жіберген

Екі бағдарлама да бір жерде түсіріледі. «Бір болайықтың» редакторы әрі жүргізушісі Шаһ-Керім Кәрменов студияға шабуыл жасалмас бұрын, яғни 5 қаңтарда елде осындай жағдай болып жатқанда эфирге шыға алмайтындарын айтқан еді.

Одан кейін студияға шабуыл жасалып, бірнеше күннен бері эфирден көрсетілмеді. Кеше «Qos Like» бағдарламасының жүргізушісі Диана Скатова өртеніп кеткен студияның алдынан фото жүктеді. Тонаушылар ондағы киім-кешек, жарамды заттардың біразын ұрлап кеткен.

Жалпы, осы бағдарламаға қатысты қоғамда екі түрлі пікір бар. Бір кездері тіпті Президенттің атына да хат жазып, жабу қажеттігін айтқан қоғам белсенділері болған.

«Бүлікшілердің жасаған ең дұрыс ісі осы болды-ау», «Енді бұл – қуанышты жаңалық», «Сауап болған екен. Кім өртеп кетсе де рахмет», «Сауапты іс жасаған екен аз әлі», «Осы бір болайық бағдарламаны түбімен түрік қатынмен қосып өртеп жіберу керек. Қазақ жастарын сайқы мазақ қылды. Ақымақ қатысушылар», - деп оқырмандар пікірлерін жазды. 

Еске салсақ, елімізде орын алған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде әскерилер мен тәртіп сақшылары зардап шекті. Ал бүлкішілер арасында террористер болғаны мәлім болды. Бір ғана Алматы қаласына 20 мыңдай лаңкес шабуыл жасаған.Олар әкімшілік ғимараттарды қиратып, дүкендерді тоналы, өртеді. Президет Қасым-Жомарт Тоқаев 19 қаңтарға дейін елде төтенше жағдай жариялады.