00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Британиялық кинокомпания Қазақстандағы ядролық сынақтар жайлы деректі фильм түсірді

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Британиялық кинокомпания Қазақстандағы ядролық сынақтар жайлы деректі фильм түсірді

«Фильмді британдық режиссер және деректі фильм түсіруші Андре Сингер түсірді. Картина менің сурет салуымнан басталады, ал финалда мен өз жұмысымды аяқтаймын. Таспа 2016 жылы екі кезеңде – қыста және жазда түсірілді. Онда біздің Семей полигонында ғана емес, басқа елдерде де ядролық сынақтарға қарсы күрес жүргізген адамдар туралы айтылады. Биыл Семей полигонын жабу туралы Жарлықтың шыққанына 30 жыл толады. Мен ядролық қарудан бас тартқан елде тұратынымды мақтан тұтамын», – дейді «Атом» жаһандық жобасының құрметті елшісі Кәріпбек Күйіков.

Суретшінің айтуынша, антиядролық қозғалысқа алғашқылардың бірі болып қарағандылық кеншілер қосылған. Олар Советский даңғылына, қазіргі Бұқар жырау даңғылына митингіге шыққан және олардың талаптарының қатарында Семей полигонын жабу болды.

«Фильмде мен ғана емес, Невада-Семей антиядролық қозғалысының Қарағанды бөлімшесінің төрағасы Марғұлан Хамиев, сондай-ақ жерлес – жазушы Михаил Бродский туралы баяндалады. Кинокартинада полигондағы жарылыстан мүгедек болған Семей тұрғыны Берік Сыздықовтың өмірі туралы да айтылады. Оның қасы мен қабақтың айналасындағы терісі өсіп, зағип болып қалған», – деді Кәріпбек Күйіков.

Сондай-ақ «Сарыжайлау» кинотеатрында Кәріпбек Күйіковтің суреттерінің көрмесі өтті.

«Экспозицияда менің жұмыстарымның аз бөлігі ұсынылған, қазір көптеген картиналар Жезқазғанда орналасқан. Шығармашылықтың негізгі бағыты – пейзаждарда, менің шығармаларымда ядролық тақырып әрқашан болады. Себебі олар адамдарға ядролық сынақтар туралы үнемі еске салады», – дейді суретші. Деректі фильм Алматы мен Нұр-Сұлтанда да көрсетілді.

Еске сала кетейік, Семей ядролық полигонында 600-ден астам ядролық және термоядролық бомбалардың 500-ге жуық жарылысы жасалған болатын. Полигон 1991 жылы жабылды.