00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Абайдың 1909 жылы жарық көрген кітабы қайта қалпына келтірілді

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Абайдың 1909 жылы жарық көрген кітабы қайта қалпына келтірілді

Құнды жинақты Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Абай музейінің өкілдері таныстырды.

«1909 жылы хакім қайтыс болғаннан кейін оның алғашқы жинағы басылып шыққан еді. Кітаптың жарық көруіне оның ұлы Тұрағұлдың, немере інісі Кәкетайдың және «Алаш» қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның үлесі зор болған. Жинақ Нұр-Сұлтан қаласындағы қолжазбалар және сирек кездесетін кітаптардың ұлттық орталығында қайта қалпына келтірілді. Орталық мамандары Семейге келгенде, біздің музейде бірегей жинақтың бар екенін біліп, оны реставрациялау туралы шешім қабылдады. Осыған дейін кітаптың мұқабасы болмай, әрі біраз беттері жыртылған еді. Қазір жаңартылған жинақ музейге оралды», - деді музей директорының орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаева.

Кітап 120 беттен тұрады. «Халық туралы», «Махаббат туралы» сынды бөлімдерге бөлінген.

Жинаққа Абайдың жүзге жуық шығармасы енген.