00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО-ның халықаралық мерейтойлар тізіміне кірді

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО-ның халықаралық мерейтойлар тізіміне кірді

Қазақстанның Франциядағы Елшісі және ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Жан Ғалиев Бас конференцияға ұсыныстарымызды қолдағаны үшін алғыс білдіріп, мүше мемлекеттерді және Ұйым хатшылығын аталған мерейтойлар аясында елімізде және шетелде өткізілуі жоспарланып отырған іс-шараларға қатысуға шақырды.

Жалпы, 2022-2023 жылдарға арналған тізімге Ұйымға мүше мемлекеттер ұсынған 67 мерейтой кірді.

Бұдан басқа, Бас конференция аясында жасырын дауыс беру нәтижелері бойынша Қазақстан 2021-2025 жылдар кезеңіне ЮНЕСКО-ның екі субсидиарлық органдарының, атап айтқанда, Халықаралық гидрологиялық бағдарламаның (ХГБ) және Коммуникацияны дамытудың халықаралық бағдарламасының (ХБҮК) үкіметаралық кеңестірінің құрамына сайланды. ЮНЕСКО-ға мүше мемлекеттер Қазақстанға білдірген сенімі еліміздің Ұйым қызметіне қосып жүрген мазмұнды үлесін тану болып табылады.

Қазақстан 1992 жылдың 22 мамырынан бастап Білім, ғылым және мәдениет Біріккен Ұлттар Ұйымының (ЮНЕСКО) толыққанды мүшесі болып табылады. Онымен ынтымақтастығымызды ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО жөніндегі Ұлттық комиссиясы үйлестіреді. Мемлекетіміз ұйым аясындағы 15 халықаралық конвенцияның тарапы болып табылады. Осы күнге дейін деректі мұраның «Әлем жады» халықаралық тізіміне – 3, Дүниежүзілік мұра тізіміне – 5, материалдық емес мәдени мұра тізіміне – 11, биосфералық резерваттар желісіне – 13, естелік даталар күнтізбесіне 25 қазақстандық ұсыным енгізілді. Елімізде ЮНЕСКО-ның 5 кафедрасы, 31 қауымдастырылған мектебі, 50-ден астам клубы істейді.