00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Түркі әлемі: тарих, қазіргі заман, болашақ» халықаралық конференциясы өтті

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Түркі әлемі: тарих, қазіргі заман, болашақ» халықаралық конференциясы өтті

Аталған шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында арнайы ұйымдастырылып отыр. Ондағы мақсат – түркі өркениетінің тарихи-мәдени және рухани мұрасын жаңғырту үдерістерін, Елбасының түркі халықтарының бірлігіне қосқан үлесі мен рөлін, түркі әлемі интеграциясын дамытуды талқылау.

«Қазақстан мен Түркияның бауырластығы ХХІ ғасырда түркі идеясының жаңғыруына және Түркі кеңесінің құрылуына негіз болды. Нәтижесінде Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия елдері тығыз ынтымақтастықты қайта жандандырды. Биыл наурызда өткен Түркі кеңесінің отырысында Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани астанасы деп тану туралы декларацияның қабылдануы айрықша оқиғаға айналды. Саммиттің қорытындысы бойынша ҚР Тұңғыш Президенті–Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Түркі өркениеті дамуының жаңа кезеңі басталғанына» сенім білдірді. Осының алғашқы белгілеріне бәріміз куә болып отырмыз», – деді ҚР Тұңғыш Президенті–Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат.

Ал «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының басқарушы директоры Ануар Жанғозин болса қоғамды қозғайтын күш жас ұрпақ екенін айтты.

 «Қай заманда болсын, қоғамның қозғаушы күші – жас өрендер. Әлем бойынша түркі халықтарының саны 200 миллион болса, оның 30 миллионға жуығы – жастар. Осы орайда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жастарға ұсынған «Ел үміті» бастамасы түркі дүниетанымына негізделген. Бастама аясында бауырлас халықтардың қарым-қатынасын нығайту мақсатында жастарды тамыры ортақ түркі елінің мәдениетімен таныстырып, түркітілдес мемлекеттердің тарихи тұлғаларын, олардың өмір жолын, ғылым мен өнерге, әдебиетке қосқан үлесін айқындау шараларын ұйымдастыруды көздейді», – деді өз баяндамасында.

Конференция қорытындысы бойынша Елбасы кітапханасы Түркия Президенті Әкімшілігі жанындағы Ұлттық кітапханасымен меморандумға қол қойды.