00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Сұлтан Бейбарысқа қатысты көне жәдігер табылды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сұлтан Бейбарысқа қатысты көне жәдігер табылды

«Мысырлық мәмлүктанушылар бұрын-соңды әлеуметтік желілерде жарияланбаған аз-Захария медресесі қақпасының суретін тауып берді. Осы үшін Имад Осман Махран бастаған мәмлүктанушыларға және Мысырдың Көне ескерткіштер мен туризм министрлігінің қызметкерлеріне шексіз алғысымды айтамын» – деді елші.

Оның сөзінше, 1262 жылы Айн Жалұт шайқасынан жеңіспен оралған Сұлтан Бейбарыс Каирде теңдесі жоқ жаңа үлгідегі медресе салып, оның бас қақпасын Каирдың қолөнер шеберлеріне жасатады.

«Қақпаның маңдайшасында «Моңғол-татар басқыншылары мен кресшілерге Мысыр жерін бастырмаған әл-Мәлик аз-Заһир Рүкн ад-Дин Бейбарыс» деп жазылған. Көне Каир шаһарының төрінде осындай әшекейлі Жеңіс қақпасын орнатқан Сұлтан Бейбарыстың сәулет өнеріндегі талғамы зор болғанын айғақтайды», – деді ол.