00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда 2 мыңға жуық жалған ақпарат таратылған

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда 2 мыңға жуық жалған ақпарат таратылған

Министрдің айтуынша, пандемия салдарынан әлеуметтік желілерде тараған жалған ақпараттардан қоғамда «инфодемия» мәселесі өзекті тақырыпқа айналған. Сондай-ақ ол журналистердің «факт-чекинг» талабын үнемі есте ұстауы қажет екенін айтты.

«БАҚ демократиялық қоғамда маңызды рөл атқарады. Біз қазақ елінде осы саланы дамытуға байланысты кез келген бастаманы қолдауға әрқашан дайынбыз. Қазақстандықтар ақпаратты онлайн алатынын түсінеміз. Сондықтан да біздің сарапшылар тәжірибемен бөлісіп, фэйк ақпарды тануға және оларға қарсы іс-қимыл жасауға көмектесе алады», - деді АҚШ елшілігінің қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім басшысы Кристиан Райт.

Сондай-ақ форумда отандық БАҚ-тағы қазақтілді контенттің үлесі 78 пайызға жеткені айтылды. Оның 14 пайызы интернет-медиа саласына тиесілі. Соңғы 2 жыл ішінде жаңадан 46 сайт ашылған. Продюсер Алмас Жалидің айтуынша, қазір ана тіліндегі жобаларға басымдық беріліп жатыр. Ол тек қазақ тілінде ақпарат беретін 60-қа жуық резидентті жинап, жаңа бастамаларды жүзеге асырмақ. Айтуынша, бүгінде қазақтілді медиа-тауардың экспорттық әлеуеті жоғары.