00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жамбыл Жабаевтың әдеби хатшысының күнделігі табылды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жамбыл Жабаевтың әдеби хатшысының күнделігі табылды

Ғали Орманов – қазақ әдебиетіне 20-жылдардың соңғы ширегінде келіп, қазақ поэзиясының қалыптасуына, дамуына, өсіп-өркендеуіне ерекше үлес қосқан ақынның бірі. Халқымыздың ардақты ақыны, қазақ поэзиясының көрнекті көркемсөз шебері жер жәннаты – Жетісу өлкесінде дүниеге келген.

Орыстың, Шығыстың классикалық үлгілерін аударып, қазақ әдебиетінің аударма саласында да біршама үлес қосып, ірі жұмыстарды игерді. Ол – жан сырларын, табиғат сипаттарын суреттеген, лирикалық жырларын азаматтық әуендермен тоғыстыра білген толымды ақын. Көптеген өлеңдер жинағының, бірнеше поэма, әңгіме және очерктердің авторы атанды.  

Ақынның жиен-немересі Айдар Қырықбайұлының айтуынша, күнделік шамамен 1939 жылы латын әліпбиімен жазылған. Сол күйі сақталып, жазуы өзгермеген.

«Бүгінде сол күнделік жазылған әліпбиді білетін адамдар аз екен. Сондықтан күнделікті жаңартып қойдық. Алдағы уақытта аударуға береміз. Күнделіктің мазмұны бойынша Жамбыл атамызға кімдер келген, қандай мәселелер талқыланған деген секілді мәлімет көрсетілген. Күнделік ешқайда жарық көрмеді. Сондықтан Жамбыл атамыздың шығармашылығын зерттеуге септігін тигізеді деп ойлаймын», - деді Айдар Қырықбайұлы.

Күнделікті Ғали Ормановтың жары Айтбала Орманова сақтаған. Кейіннен қолдан қолға өткен күнделік қызы Жамиға Ғалиқызына табысталды.

Айта кетейік, Ғали Орманов қырғыз эпосы «Манастың» 1-кітабын, А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, Ян Райнистің, Ф.Мақтымқұлының бірқатар поэмасын, Н.В.Гогольдің «Нева проспектісі» повесін, А.П.Чеховтың әңгімелерін, М.Тұрсын-Заденің «Үндістан балладалары» өлең кітабын, Л.Н.Толстойдың «Анна Каренина» романын қазақ тіліне аударды.