00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде «Қазақанимация» бірлестігі құрылады

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде «Қазақанимация» бірлестігі құрылады

“2025 жылға дейін отандық анимациялық контент шығаратын сервистік компания ретінде «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігін құру арқылы 40 отандық анимациялық фильм түсіріледі. 2023 жылдан бастап барлық жүргізіліп жатқан мәдени іс-шара, театр маусымдары, кітапхана қорлары, музейлер мен көрмелер туралы ақпараттық қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, e-culture.kz бірыңғай электронды платформасы іске қосылады”, — деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ министр отбасылық көрсетілімге арналған халықаралық стандарттар бойынша күту рейтингі жоғары анимациялық фильмдердің кең дистрибуциялы дубляжын қамтамасыз етуде мемлекеттік қолдау көрсетілетінін айтты.

“20 пленкалық көшірмелерді цифрландыру мен фильмдерді реставрациялау, сондай-ақ «Қазақфильм» киностудиясының жаңғыртылуы жоспарланған”, — деді А. Балаева.