Нұр-Сұлтанда қазақша онлайн-контент жасаушылардың V форумы өтеді
Форумға жыл сайын қазақтілді БАҚ саласындағы үздік сарапшылар, журналистер, блогерлер мен влогерлер, веб-сайттардың бас редакторлары жиналып, жергілікті және шетелдік спикерлермен кәсіби тәжірибе алмасады, сондай-ақ бейресми кездесулер өткізеді.
Биыл форум аясында «Соңғы 30 жылдықтағы қазақстандық БАҚ пен қоғам», «Жаһандық және қазақстандық медиадағы жаңа тенденциялар», «Пандемия кезіндегі медиа-трендтер» секілді тақырыптарды талқылап, сонымен қатар Қазақстан мен АҚШ-тың жетекші медиа-сарапшыларының шеберлік сыныптары мен тренингтерін өткізу жоспарланып отыр.
Форум қонақтары мен спикерлері:
- Аида Балаева, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі;
- Джуди Ко, АҚШ -тың Қазақстан Республикасындағы елшісінің міндетін атқарушы;
- Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
- Ерлан Қарин, Қазақстан Республикасы Президентінің саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі;
- Рауан Кенжеханұлы, «Ұлттық Аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры;
- Әлішер Елікбаев, журналист, PR маманы, кәсіпкер, Astana Group президентінің кеңесшісі;
- Марат Оралғазин, шоумен, сценарист, режиссер және продюсер;
- Ерболат Беделхан, әнші, продюсер;
- Айзат Құсайынов, «ÕZEN» лейблінің негізін қалаушы, продюсер;
- Алмас Жали, продюсер, «Brave Talents» продюсерлік орталығының негізін қалаушы;
- Асхат Халимов, продюсер, «JKS ENTERTAINMENT» негізін қалаушы;
- Ғалымжан Кеншілік, шоумен, «Қазақстан» РТРК тележүргізушісі;
- Абай Серғазиев, GALAMAT MEDIA басшысы;
- Өркен Кенжебек, блогер, тележүргізуші;
- Дәулет Төлеутайұлы, блогер, dauletten.kz қаржылық және білім беру порталының негізін қалаушы;
- Думан Смақов, factcheck.kz сайтының бас редакторы;
- Айсана Ашим, The Village Kazakhstan тәуелсіз БАҚ директоры
Кештің арнайы қонақтары – ÕZEN лейблінің резиденттері: dudeontheguitar және YENLIK.
QAZFORUM-ның бастамашысы және идеялық қолдаушысы – АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшілігі.