00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Асанәлі Әшімов «Ақ Ілбіріс» ұлттық кино сыйлығына ие болды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Асанәлі Әшімов «Ақ Ілбіріс» ұлттық кино сыйлығына ие болды

Отандасымыз әлемдік кинематографияның дамуына қосқан зор үлесі үшін «Ақ Ілбіріс» ұлттық кино сыйлығының және Шыңғыс Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері атанды. Бұл туралы режиссер Асхат Маемиров «Facebook» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды.

«Сонау алпысыншы жылдардың басында қазақ театр және кино кеңістігіне «жанартау» болып келген Асанәлі Әшімов – ұлт өнеріндегі шын мағынасындағы «құбылысқа» айналды. Актерлік өнердің көркемдік деңгейінің биіктеуіне айрықша еңбек сіңірген сахнагер, қазақ театры мен кино өнерінде философиялық таным мен тағылым қалыптастырды», - деп жазды ол.

Асанәлі Әшімов – ұлттық сахна мен кино өнерінің көкжиегін кеңейтіп әлемдік аренаға шығаруға ат салысқан ерекше дарын иесі. Сондықтан Асанәлі аға жасаған образдар галериясы - ұлт құндылығы екенін, Батыс пен Шығыс классиктерінің драматургиясын жатсынбай, кәсіби биік тұрғыда меңгере білгенін атап айтқан жөн. 

«Ол қазақ классикасының заңғар шыңдары – М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Ә.Нұрпейісов, Ш.Айтматовтардың драматургиясындағы кейіпкерлер бойындағы ұлт мұраты мен мүддесiн өзінің өміршең болмыс-бітімімен өрнектеді. Ал кино өнеріндегі Асанәлі Әшімов жасаған «Бекежан» образы – қазақ рухының хрестоматиясы. Аңғал батырдың болмысын халық жүрегіне шынайы жеткізе білген, актер даналығының, даралығының сыры да - осында! Содан ба екен, қазақ өнері мен Әшімов – егіз ұғым. Асағаң – қазақ өнерінің асқақ шыңды Алатауы. Асанәлі Әшімов шыңы - ешқашан аласармайды!», - деп жазды Асхат Маемиров.