Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 26 шетел азаматы анықталды

7 наурыз, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 26 шетел азаматы анықталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

«Заң және тәртіп» қағидасын орындау мақсатында қылмыстың алдын алу және жолын кесу үшін «Байқоңыр» ауданы прокуратурасының үйлестіруімен аудандық полиция басқармасы жатақханаларда, көшелерде және заңсыз сауда орындарында профилактикалық іс-шаралар өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Нәтижесінде 26 шетел азаматтары көші-қон заңнамасын бұзғаны анықталып, оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалып, материалдар сотқа жолданды.

Ал 15 шетелдік азаматқа 680 мың теңгеден астам айыппұл салынды, 11 шетелдік азамат Қазақстан аумағынан шығарылды.      

Шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкімшілік шығарумен он бес тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жауапкершілік көзделген (ҚР ӘҚБтК 517-бабы).

Көші-қон режимін бұзушыларды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жалғасып жатыр.