00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

TikTok-ты пайдалануға тыйым салынды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
TikTok-ты пайдалануға тыйым салынды

АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы енді телефондарда TikTok әлеуметтік желісін пайдалануға тыйым салады, деп хабарлады Elorda.info.

Inbusiness.kz жазуынша, АҚШ билігі TikTok қосымшасына және оның қытайлық иесі ByteDance-ке күдікпен қарауды жалғастырып келеді. Әсіресе, платформаның ҚХР Коммунистік партиясымен байланыстары мен қытайлық шенеуніктер АҚШ деректеріне қол жеткізе алады деген сыбыс шыққалы бері алаңдаушылық арта түсті. Осыған байланысты Конгрессте шығындар туралы жиынтық заң жобасында үкіметтік құрылғыларға қосымшаны орнатуға тыйым салынды.

2022 жылы АҚШ Конгресі технологиялық индустрияға әсер еткен бірнеше маңызды заңнаманы қабылдады.

Олардың арасында өндірушілерге АҚШ-та жартылай өткізгіш зауыттарын салу үшін ондаған миллиард доллар беретін Чип туралы заң да бар. Осылайша, Вашингтон компьютерлік чиптерге қатысты Бейжіңге тәуелді болғысы келмейді.

Жаңа заң жобасы бірнеше жартылай өткізгіш компанияны Аризона, Нью-Йорк пен Огайода жаңа зауыттар салуды бастауға итермелегені белгілі.

TikTok – Бейжіңдегі ByteDance компаниясына тиесілі қысқа бейнелерді жасауға және көруге арналған қосымша.