Махмұд Сабырхан ересектер арасында алғаш рет Азия чемпионы атанды
11 желтоқсан, 2024


Фото: ҚР ҰОК
Азия чемпионатында 54 келі салмақтағы бокшы Махмұд Сабырхан жеңімпаз атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.
Ол Таиландтың Чиангмай қаласындағы финалда өзбекстандық Шахзод Музаффаровты айқын басымдықпен жеңді. Төрешілер есебі: 4-1.
Қазақ спортшысы барлық раундта қарсыласына жойқын соққыларын дөп тигізіп, еш мүмкіндік берген жоқ.
Айта кетейік, осыдан 2 жыл бұрын Амман қаласындағы Азия чемпионатында Махмұд финалда сүрініп, 2-орыннан көрінген болатын.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 09:26
Бокстан Азия чемпионаты: Бүгін шаршы алаңға кімдер шығады

3 тамыз, 2025
Ұландық сарбаздар ІІМ-нің самбодан өткен чемпионатында топ жарды

3 тамыз, 2025
Елордадағы биатлоннан «Grand Tour Biathlon» жарысына рекордтық қатысушы жиналды

2 тамыз, 2025
Руслан Құрбанов: әлем чемпионатындағы көрсеткіштерімізді одан да жоғарлатсақ дейміз