ҚХЛ: «Барыс» қатарынан екінші ойында жеңіске жетті
21 қараша, 2024


Фото: hcbarys.kz
Астаналық команда Құрлықтық хоккей лигасы аясында «Металлург» командасымен кездесті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ойынның нәтижесі бойынша Ғалым Мәмбеталиевтің шәкірттері 2:1 есебімен жеңіске жетті. «Барыс» сапында Максим Мұхаметов пен Кирилл Панюков шайба соғып, көзге түсті.
Осылайша осы маусымдағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді. Осының алдында «Сочиді» жеңген (6:3) еді.
Айта кетейік, «Барыс» келесі матчын 22 қараша күні «Амурға» қарсы өткізеді.
Ұқсас жаңалықтар

3 тамыз, 2025
Ұландық сарбаздар ІІМ-нің самбодан өткен чемпионатында топ жарды

3 тамыз, 2025
Елордадағы биатлоннан «Grand Tour Biathlon» жарысына рекордтық қатысушы жиналды

2 тамыз, 2025
Руслан Құрбанов: әлем чемпионатындағы көрсеткіштерімізді одан да жоғарлатсақ дейміз

1 тамыз, 2025
Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық жеңіл атлетика турнирі өтеді