Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық жеңіл атлетика турнирі өтеді
Фото: olympic.kz
2 тамызда Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау орталығында Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық жеңіл атлетика турнирі басталады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл жарыс World Athletics Continental Tour Bronze Level сериясына енген және халықаралық маусымдағы маңызды кезеңдердің бірі болып саналады.
Биыл турнир 2-3 тамыз аралығында өтеді. Жарысқа 17 елден 214 спортшы қатысады. Қазақстан құрамасынан көптеген көшбасшы бақ сынайды.
Жарыс аясында спортшылар қыркүйек айында Жапонияда өтетін әлем чемпионаты алдында маңызды рейтингтік ұпайлар жинауға мүмкіндік алады.
Айта кетейік. көрермен үшін кіру тегін.
Ұқсас жаңалықтар
31 қазан, 2025
Жасөспірімдер Азиадасында Қазақстан құрамасы қай орынды иеленді
31 қазан, 2025
Елордалық дзюдошы Азиаданың күміс жүлдегері атанды
31 қазан, 2025
ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Трактор» командасымен кездеседі
31 қазан, 2025
«Аттандық Миланға»: футбол шолушысы Несіп Жүнісбаев «Интер» – «Қайрат» матчына Миланға аттанды
