Гимнаст Нариман Құрбанов әлем кубогының кезеңінде алтын медаль иеленді
23 наурыз, 2025


Фото: olympic.kz
Қазақстандық гимнастар Антальядағы (Түркия) әлем кубогының кезеңінде екі медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Отандастарымыз ат снарядындағы финалда сәтті өнер көрсетті.
Нариман Құрбанов бұл бағдарламада 14,634 ұпай жинап, жеңіс тұғырының ең жоғары сатысына көтерілді.
Айта кетейік, бұл гимнаст Париж Олимпиадасынан кейін алғаш рет халықаралық жарысқа қатысты.
Зейнолла Ыдырысов 14,300 ұпаймен екінші орынға ие болды.
Үшінші орынға Ахмад Абу Әл Сауд (Иордания) – 14,200 ұпаймен тұрақтады.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Қазақстандық төрешілер 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының төрешілер құрамына үміткер болды

4 тамыз, 2025
Президент кубогы: Астанада теннистен ITF турнирі өтіп жатыр

4 тамыз, 2025
«Барыс» хоккей клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

4 тамыз, 2025
Қазақстан ТМД елдерінің әскери-спорттық ойындарына қатысады