Футболдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанға қарсы матч өткізеді
30 шілде, 2025


Фото: instagram.com/kff_team
Қазақстан футбол федерациясы мен Өзбекстан футбол қауымдастығы жастар құрамалары арасында екі жолдастық матч өткізу жөнінде келісімге келді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Келісімге сәйкес, Қазақстан мен Өзбекстанның U-21 құрамалары арасындағы екі кездесу де Ташкент қаласында өтеді. Матчтар 12 және 14 қазан күндеріне жоспарланған.
Осы ойындарға дейін Қазақстан жастар құрамасы Еуро-2027 чемпионатының іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Андорраға қарсы матч өткізеді. Бұл кездесу 9 қазанда өтеді.
Айта кетейік, Қазақстан U-21 құрамасы Еуро-2027 іріктеу кезеңінде D тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары – Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра жастар құрамалары.
Ұқсас жаңалықтар

3 тамыз, 2025
Ұландық сарбаздар ІІМ-нің самбодан өткен чемпионатында топ жарды

3 тамыз, 2025
Елордадағы биатлоннан «Grand Tour Biathlon» жарысына рекордтық қатысушы жиналды

2 тамыз, 2025
Руслан Құрбанов: әлем чемпионатындағы көрсеткіштерімізді одан да жоғарлатсақ дейміз

1 тамыз, 2025
Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық жеңіл атлетика турнирі өтеді