Бокстан Азия чемпионатына баратын әйелдер құрамы белгілі болды
18 қараша, 2024


Фото: Қазақстан бокс федерациясынан
Таиландтың Чианг Мэй қаласында 29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында бокстан Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазіргі уақытта Елдос Сайдалиннің жетекшілігімен әйелдер құрамасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
Қазақстан әйелдер құрамасының бапкерлік кеңесі Азия чемпионатына қатысатын боксшыларды бекітті.
Олар: Әйгерім Сәттібаева (48 келі), Алуа Балқыбекова (50 келі), Жазира Орақбаева (52 келі), Сымбат Әлиасқар (54 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Милана Сафронова (66 келі), Наталья Богданова (70 келі), Диана Мағауияева (75 келі), Гүлсая Ержан (81 келі), Елдана Талипова (+81 келі).
Ұқсас жаңалықтар

3 тамыз, 2025
Ұландық сарбаздар ІІМ-нің самбодан өткен чемпионатында топ жарды

3 тамыз, 2025
Елордадағы биатлоннан «Grand Tour Biathlon» жарысына рекордтық қатысушы жиналды

2 тамыз, 2025
Руслан Құрбанов: әлем чемпионатындағы көрсеткіштерімізді одан да жоғарлатсақ дейміз

1 тамыз, 2025
Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық жеңіл атлетика турнирі өтеді