Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді

25 маусым, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Фото: olympic.kz

4-10 шілде аралығында Астанада ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жарысқа 27 елден 450-ден астам спортшы қатысады.

Қазақстан құрамасы сапында 36 жас зілтемірші өнер көрсетеді. Құраманың нақты тізімі кейінірек жарияланады.

Жүлделер U17 және U20 жас санаттары бойынша сарапқа салынады.

Айта кетейік, жарыстар Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді.