«Астана» Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды
1 тамыз, 2025


Фото: instagram.com/fca.astana
Молдовада «Зимбру» мен «Астана» командалары арасында қарымта матч өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында өткен матчта елордалық команда молдовалық «Зимбруға» қонаққа барды. Кишинев қаласында өткен кездесуде қонақтар 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бірінші таймның 18-минутында Джеффри Чинеду есеп ашса, үш минуттан кейін Марин Томасовтың берген нәтижелі пасынан кейін Усман Камара есепті еселеді.
Еске салайық, Астанада өткен алғашқы кездесу 1:1 есебімен тең аяқталған еді. Осылайша екі матч қорытындысы бойынша астаналықтар келесі кезеңге жолдама алды.
Үшінші іріктеу кезеңіндегі елордалықтардың қарсыласы Швейцарияның «Лозанна» клубымен кездеседі.
Ұқсас жаңалықтар

3 тамыз, 2025
Ұландық сарбаздар ІІМ-нің самбодан өткен чемпионатында топ жарды

3 тамыз, 2025
Елордадағы биатлоннан «Grand Tour Biathlon» жарысына рекордтық қатысушы жиналды

2 тамыз, 2025
Руслан Құрбанов: әлем чемпионатындағы көрсеткіштерімізді одан да жоғарлатсақ дейміз

1 тамыз, 2025
Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық жеңіл атлетика турнирі өтеді