Алан Құрманғалиев Венгрияда екі мәрте жүлдегер атанды
11 қараша, 2024


Фото: olympic.kz
Теннисші Алан Құрманғалиев Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Отандасымыз 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста екінші орынды иеленді. Алан болгариялық Стефан Димитровты (3:0), Люксембургтан барған Маэль Ван Дессельді (3:0), тайбэйлік Тай По-Чунды (3:2), румыниялық Драгоша Бужорды (3:0), словакиялық Михаил Ловгуды (3:2), швед спортшысы Исаак Альфредссонды (3:0) және корейлік Ли Чон Мокты (3:0) жеңді. Финалда венгриялық Балаж Лэйге 0:3 есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, Алан осы турнирде 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында қола медаль алған еді.
Ұқсас жаңалықтар

3 тамыз, 2025
Ұландық сарбаздар ІІМ-нің самбодан өткен чемпионатында топ жарды

3 тамыз, 2025
Елордадағы биатлоннан «Grand Tour Biathlon» жарысына рекордтық қатысушы жиналды

2 тамыз, 2025
Руслан Құрбанов: әлем чемпионатындағы көрсеткіштерімізді одан да жоғарлатсақ дейміз

1 тамыз, 2025
Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық жеңіл атлетика турнирі өтеді