«Түркиядан алтын бұйымдар жеткізіп беремін» деген уәдеге сеніп 3 млн теңгесінен қағылған
11 сәуір, 2025


Фото: freepik
Қызылорда қаласының 35 жастағы тұрғыны полицияға жүгініп, өзін алдап кеткен әйел туралы арызданған, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жәбірленушінің айтуынша, күдікті оның сеніміне кіріп, «Түркиядан алтын бұйымдар жеткізіп беремін» деп уәде берген. Алайда ол алаяқтық жолмен жәбірленушіден 3 миллион теңге көлемінде ақша алған.
«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті қолға түсті. Қазіргі уақытта оған қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», - делінген хабарламада.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Ұлттық ұлан офицері көпқабатты үйдегі өрттен зейнеткерді құтқарды

4 тамыз, 2025
Көлік полицейлері 300-ден астам жолаушыны әуе рейстерінен түсірді

4 тамыз, 2025
Джей Лоның концерті: Жанжал шығарған әйел полицейдің жары болып шықты

4 тамыз, 2025
Астанада аккумулятор ұрлаған күдікті ұсталды