Түркияда іздеуде жүрген шетелдік азамат Алматыда ұсталды
30 сәуір, 2025


Фото: polisia.kz
Алматы қаласының халықаралық әуежайында желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 67 интернет-алаяқтық фактісі бойынша Түркияда халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Күдікті 2018 жылы үй жануарларын сату туралы жалған интернет-жарнама арқылы жәбірленушілерді алдап, 67 адамның ақшасын иемденіп, Түркия елінде бой тасалаған.
Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында қамауда, - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Ұлттық ұлан офицері көпқабатты үйдегі өрттен зейнеткерді құтқарды

4 тамыз, 2025
Көлік полицейлері 300-ден астам жолаушыны әуе рейстерінен түсірді

4 тамыз, 2025
Джей Лоның концерті: Жанжал шығарған әйел полицейдің жары болып шықты

4 тамыз, 2025
Астанада аккумулятор ұрлаған күдікті ұсталды