Маңғыстау облысында ер адамды пойыз қағып кетті
3 наурыз, 2025


Фото: ҚТЖ
Қайғылы оқиға 28 ақпан сағат 21:46-да Боранқұл станциясында болған, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оқиғаның алдын ала себебі – жәбірленушінің қауіпсіздік ережесін сақтамай, рұқсат етілмеген жерден теміржолды кесіп өтуі.
«Ер адам Бейнеу стансасының аудандық ауруханасына жеткізілді. Оқиға туралы ақпарат Маңғыстау стансасының желілік полиция бөліміне берілді. ҚТЖ теміржол қауіпті аймақ екенін еске салады», - деп хабарламада.
ҚТЖ мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында теміржолда 10 адамды қағып кету жағдайы тіркелсе, оның 4-еуі мас күйде болған. Ал 2024 жылы 75 қайғылы оқиға тіркелген.
Негізгі себеп – теміржол арқылы өту ережесін бұзу, мас күйде болу, таңдауышты пайдалану және теміржол маңында немқұрайлылық таныту.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Ұлттық ұлан офицері көпқабатты үйдегі өрттен зейнеткерді құтқарды

4 тамыз, 2025
Көлік полицейлері 300-ден астам жолаушыны әуе рейстерінен түсірді

4 тамыз, 2025
Джей Лоның концерті: Жанжал шығарған әйел полицейдің жары болып шықты

4 тамыз, 2025
Астанада аккумулятор ұрлаған күдікті ұсталды