Ұлытауда жолда қалған төрт адам құтқарылды
17 ақпан, 2025


фото: ТЖМ
ТЖМ құтқарушылары Ұлытау облысында ақаулы автокөліктен 4 адамды эвакуациялады, деп хабарлады Elordainfo.kz
ТЖМ мәліметінше, өңірдегі Ұлытау ауылынан 25 шақырым жерде Стандарт қыстағының маңында 4 жолаушысы бар жеңіл автокөлік бұзылып қалған.
«Оқиға орнына құтқарушылар шығып, Ұлытау ауылына 4 адамды эвакуациялады. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ», - делінген хабарламада.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Ұлттық ұлан офицері көпқабатты үйдегі өрттен зейнеткерді құтқарды

4 тамыз, 2025
Көлік полицейлері 300-ден астам жолаушыны әуе рейстерінен түсірді

4 тамыз, 2025
Джей Лоның концерті: Жанжал шығарған әйел полицейдің жары болып шықты

4 тамыз, 2025
Астанада аккумулятор ұрлаған күдікті ұсталды