Елордалық полицейлер көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды
9 наурыз, 2025


фото: видеодан алынған кадр
102 арнасы арқылы кезекші бөлімге «Архар» көпірінде бір қыздың тұрғаны туралы хабар түсті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Polisia.kz жазуынша, оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері жіберілді.
Белгілі болғандай, 16 жастағы қыз туыстарымен ұрысып, эмоциялық күйзеліс салдарынан көпірден секірмек болған.
Тәртіп сақшыларының тактикалық әрекетінің арқасында қайғылы оқиғаға жол берілмеді.
Кейіннен ол ата-анасына тапсырылып, қажетті психологиялық көмек көрсетілді.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Ұлттық ұлан офицері көпқабатты үйдегі өрттен зейнеткерді құтқарды

4 тамыз, 2025
Көлік полицейлері 300-ден астам жолаушыны әуе рейстерінен түсірді

4 тамыз, 2025
Джей Лоның концерті: Жанжал шығарған әйел полицейдің жары болып шықты

4 тамыз, 2025
Астанада аккумулятор ұрлаған күдікті ұсталды