«Басын кесіп тастаған»: Елордада екі ер адамның арасында туындаған жанжал оқ атумен аяқталды
28 ақпан, 2025


фото: Оңалхан Өнерхан
Әлеуметтік желіде елордадағы «Артем» сауда орталығы аумағындағы оқиғаға қатысты видео тарады. Бейнежазба авторы «Ер адамның басын кесіп тастаған» деген жазба қалдырған, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Астана қаласы Полиция департаменті кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
«Алдын ала берілген мәлімет бойынша, оқиға бұрын таныс адамдар арасында болған. Жанжал барысында күдікті жәбірленушінің басына оқ атқан. Салдарынан ол оқиға орнында қайтыс болды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды»,- деп жазылған полиция хабарламасында.

Елордалық полиция азаматтарды ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырады.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Ұлттық ұлан офицері көпқабатты үйдегі өрттен зейнеткерді құтқарды

4 тамыз, 2025
Көлік полицейлері 300-ден астам жолаушыны әуе рейстерінен түсірді

4 тамыз, 2025
Джей Лоның концерті: Жанжал шығарған әйел полицейдің жары болып шықты

4 тамыз, 2025
Астанада аккумулятор ұрлаған күдікті ұсталды