Атырау облысындағы мұнай ұңғымасында жарылыс болды
7 наурыз, 2025


Фото: видеодан скрин
Атырау облысында «Батыс Прорва» кен орнындағы №437 ұңғымада газ ауаға тарап, өрт шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«2025 жылдың 6 наурыз күні «Ембімұнайгаз» АҚ «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының «Батыс Прорва» кен алаңының N437 ұңғымасында перфорациядан кейін сорапты-компрессорлық құбырды (СКҚ) түсіруде газ шығуы орын алды, бұл СКҚ істен шығуына әкеліп соқтырды», - делінген хабарламада.
Жарылыстан зардап шегушілер жоқ.
«Ембімұнайгаз» жедел штабы шұғыл шаралар жүргізуде: ұңғыманың аумағы қоршалып, қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
Оқиға орнында «Ақ берен» ЖШС, «Семсер өрт сөндіруші» ЖШС, «СОП Атырау» ЖШС мобильді күзет жұмыс істеуде.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Ұлттық ұлан офицері көпқабатты үйдегі өрттен зейнеткерді құтқарды

4 тамыз, 2025
Көлік полицейлері 300-ден астам жолаушыны әуе рейстерінен түсірді

4 тамыз, 2025
Джей Лоның концерті: Жанжал шығарған әйел полицейдің жары болып шықты

4 тамыз, 2025
Астанада аккумулятор ұрлаған күдікті ұсталды