Астанада жүк контейнеріндегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
14 ақпан, 2025


Фото: astana_brothers/Instagram
Астанада жүк контейнеріндегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Аталмыш оқиғаға қатысты Көлік полициясы басқармасы «Жол қозғалысы немесе темір жол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады», - делінген хабарламада.
Оқиға орнына департамент басшылығы барды. Сонымен қатар арнайы жедел топ құрылып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға кірісті.
Ақпаратқа сәйкес, жолаушылар мен жақын маңдағы тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ.
Айта кетейік, түнде Астанадағы теміржол вокзалында жарылыс болды.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Ұлттық ұлан офицері көпқабатты үйдегі өрттен зейнеткерді құтқарды

4 тамыз, 2025
Көлік полицейлері 300-ден астам жолаушыны әуе рейстерінен түсірді

4 тамыз, 2025
Джей Лоның концерті: Жанжал шығарған әйел полицейдің жары болып шықты

4 тамыз, 2025
Астанада аккумулятор ұрлаған күдікті ұсталды