Астанадағы Министрліктер үйінің жанында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті
25 сәуір, 2025


Фото: Оңалхан Өнерхан
Астанада Министрліктер үйінің жанында жол-көлік апаты орын алды. Жолдан өтіп бара жатқан адамды көлік қағып кетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі «Достық» көшесінде жаяу жүргіншінің қатысуымен болған жол-көлік апаты фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan маркалы автокөлікті басқарған жүргізуші жолда арнайы белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан адамды қағып кетті», - деп хабарлады полиция департаменті.
Жәбірленуші қажетті медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.
Сондай-ақ полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын өте мұқият болуға және жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Ұлттық ұлан офицері көпқабатты үйдегі өрттен зейнеткерді құтқарды

4 тамыз, 2025
Көлік полицейлері 300-ден астам жолаушыны әуе рейстерінен түсірді

4 тамыз, 2025
Джей Лоның концерті: Жанжал шығарған әйел полицейдің жары болып шықты

4 тамыз, 2025
Астанада аккумулятор ұрлаған күдікті ұсталды