Астанада өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, бір адам қаза тапты
24 ақпан, 2025


Фото: Оңалхан Өнерхан
Астанада өрт сөндіру қызметінің көлігі бағдаршамның тыйым салатын белгісінен өтіп кетіп, жеңіл көлікпен соқтығысқан, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қалалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді.
«Астана қаласының Полиция департаменті жол апаты салдарынан адам қаза тапқан көлік құралын басқарушының жол ережесін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі бағдаршамның қызыл шамы жанып тұрғанына қарамай, Бөгенбай батыр мен Жеңіс даңғылдарының қиылысынан өтіп кетпек болған. Осы кезде ол Kia маркалы жеңіл көлікпен соқтығысқан.
Оқиға салдарынан жапа шеккен көлік жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Кейін алған жарақаттарынан 52 жастағы жолаушы әйел көз жұмды», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Ұлттық ұлан офицері көпқабатты үйдегі өрттен зейнеткерді құтқарды

4 тамыз, 2025
Көлік полицейлері 300-ден астам жолаушыны әуе рейстерінен түсірді

4 тамыз, 2025
Джей Лоның концерті: Жанжал шығарған әйел полицейдің жары болып шықты

4 тамыз, 2025
Астанада аккумулятор ұрлаған күдікті ұсталды