Алматы облысында ер адамды пойыз қағып кетті
18 наурыз, 2025


фото: ҚТЖ баспасөз қызметі
Ақсеңгір - Шамалған аралығында жүк пойызының машинисіне кенеттен жолға бөгде адамның шығуына байланысты көлікті шұғыл тежеуге тура келді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ҚТЖ баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам локомотив пен өткелдегі кезекшінің сигналына мән бермеген.
«Оқыс жағдайдың алдын алу мүмкін болмады. Оқиға туралы Алматы-1 станциясының желілік полиция басқармасына хабарланды. Оқиғаның алдын ала себебі – жәбірленушінің абайсыздығы және теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтамауы», - деп жазылған хабарламада.
ҚТЖ өкілдері азаматтарды темір жолдан өту ережелерін қатаң сақтауға, тек арнайы жабдықталған өткелдерді пайдалануға, сондай-ақ темір жол маңында қырағылық пен ұқыптылық танытуға шақырады.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Ұлттық ұлан офицері көпқабатты үйдегі өрттен зейнеткерді құтқарды

4 тамыз, 2025
Көлік полицейлері 300-ден астам жолаушыны әуе рейстерінен түсірді

4 тамыз, 2025
Джей Лоның концерті: Жанжал шығарған әйел полицейдің жары болып шықты

4 тамыз, 2025
Астанада аккумулятор ұрлаған күдікті ұсталды