Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты
2 наурыз, 2025


Фото: t.me/qr_tjm/22372
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданынан 40 км қашықтықта «Самара-Шымкент» тас жолының жабық учаскесінде «Уфа - Самарқанд» жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлады Elordainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.
ТЖМ құтқарушылары 33 шетел азаматын эвакуациялады.
«ТЖМ қызметкерлері вахтовкамен 33 Өзбекстан азаматын жолдың қауіпсіз ашық учаскесінде орналасқан басқа автобусқа дейін эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ. ТЖМ ауа-райы жағдайы жолдағы жағдайды едәуір қиындатуы мүмкін екенін еске салады», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Ұлттық ұлан офицері көпқабатты үйдегі өрттен зейнеткерді құтқарды

4 тамыз, 2025
Көлік полицейлері 300-ден астам жолаушыны әуе рейстерінен түсірді

4 тамыз, 2025
Джей Лоның концерті: Жанжал шығарған әйел полицейдің жары болып шықты

4 тамыз, 2025
Астанада аккумулятор ұрлаған күдікті ұсталды