Бельгия радиосы Димашқа арналған арнайы хабар таратады
15 сәуір, 2025


фото: Instagram/@kudaibergenov.dimash
15 сәуір күні сағат 20:00-ден 22:00-ге дейін бельгиялық AFM Radio 106.3 радиостанциясы қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған екі сағаттық арнайы хабар таратады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бағдарлама аясында тыңдармандар Димаштың әндерін ғана емес, оның жанкүйерлерінің әншінің шығармашылығынан алған әсерлерін де тыңдайды. Тікелей эфир кезінде Twitch AFM Radio арқылы сұрақтар қою мүмкіндігі де болады.
«Бағдарламаны келесі арналар арқылы тыңдауға болады: Жиілік 106,3 FM, Льеж аймағында (Бельгия), Radioline немесе radio.fr қолданбалары («AFM RADIO Amay» бойынша), Online Radio Box: https://onlineradiobox.com/be/afm/, Twitch: https://www.twitch.tv/afm_radiolive»,- деп жазды dimashnews.com.
Ұқсас жаңалықтар

31 шілде, 2025
Аргентина радиостанцияларында Димаш Құдайбергеннің 75-тен астам әні шырқалды

29 шілде, 2025
Қонаевта «Кенжем қайда?» көркем фильмінің түсірілімі жүріп жатыр

29 шілде, 2025
Димаштың әні алғаш рет Disney радиосында қойылды

28 шілде, 2025
Опера әншісі Әйгерім Алтынбек Италиядағы байқауда бас жүлдені жеңіп алды