Астанада «Дода» атты шығармашылық жоба өтеді
18 ақпан, 2025


Фото: Оңалхан Өнерхан
27 ақпанда Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының сахнасында «Дода» атты бірегей жоба ұйымдастырылады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Іс-шарада тартысқа толы шығармашылық сайыс пен тамаша шоу-бағдарлама ұсынылады. Сахнада шебер күйшілер, ансамбльдер мен солистер халық музыкасының үздік туындылары мен хореографиялық қойылымдарын орындайды.
Кеш ерекше форматта өтеді. Өнерпаздар ұлттық мәдениетке терең бойлап, қазақ өнерінің қыр-сырын ашып көрсетеді. Қатысушыларға қызықты сұрақтар қойылады.
Өнер сайысында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы мен Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның белгілі әртістері өнер көрсетеді.
Ұқсас жаңалықтар

31 шілде, 2025
Аргентина радиостанцияларында Димаш Құдайбергеннің 75-тен астам әні шырқалды

29 шілде, 2025
Қонаевта «Кенжем қайда?» көркем фильмінің түсірілімі жүріп жатыр

29 шілде, 2025
Димаштың әні алғаш рет Disney радиосында қойылды

28 шілде, 2025
Опера әншісі Әйгерім Алтынбек Италиядағы байқауда бас жүлдені жеңіп алды