«Мас болып, балағаттады»: ШҚО-да қызы әкесін сотқа берген
13 ақпан, 2025


Фото: freepik.com
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында әкесінен балағат сөз естіген қыз оны сотқа беріп, жеңіп шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Тарбағатай аудандық сотының мәліметіне сүйенсек, оқиға биыл қаңтардың соңында болған.
«23 қаңтар күні әкесі үйде жалғыз өзі ішімдік ішкен. Туған қызын балағаттап, жаман сөздер айтқан. Қызы Тарбағатай аудандық сотына арыз жазып, әкесін жазалауды сұраған. Сот анықтағандай, әкесі қатты мас болып, қызын балағаттаған, тыныштығын бұзған», - деп мәлімдеді соттан.
Істі қараған судья әкесіне ескерту жасаған.
Ұқсас жаңалықтар

10 шілде, 2025
Қазақстанда «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы байқауына құжат қабылдау жүріп жатыр

3 шілде, 2025
Робокэш.кз (Zaimer.kz) МҚҰ «Таза Қазақстан» ұлттық қозғалысын қолдады

25 сәуір, 2025
Қазақстанда 265 пана іздеуші және 301 босқын бар

25 сәуір, 2025
Биыл қандас мәртебесін қанша этникалық қазақ алды