Елордада кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша рейд өтті
27 ақпан, 2025


Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Астанада кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Сарайшық» ауданында алдын алу рейді өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Аудандық полиция басқармасы мен әкімдік қызметкерлері жастар жиналатын орындар мен көшелерді тексерді.
Рейд түнгі 22:00-де басталып, аталған уақыттан кейін көңіл көтеру орындарында болған 5 жасөспірім полиция бөлімшесіне жеткізілді.
Жасөспірімдердің заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, балалармен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгімелер өткізілді.
Егер бір жыл ішінде аталмыш жағдай қайталанатын болса айыппұл салынатыны ескертілді.
Ұқсас жаңалықтар

10 шілде, 2025
Қазақстанда «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы байқауына құжат қабылдау жүріп жатыр

3 шілде, 2025
Робокэш.кз (Zaimer.kz) МҚҰ «Таза Қазақстан» ұлттық қозғалысын қолдады

25 сәуір, 2025
Қазақстанда 265 пана іздеуші және 301 босқын бар

25 сәуір, 2025
Биыл қандас мәртебесін қанша этникалық қазақ алды