Әлем кубогы: Махмұд Сабырхан ширек финалға жолдама алды
1 шілде, 2025


Фото: instagram.com/qaz_team_official
Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының екінші жарыс күнінде алғашқы жеңіс тіркелді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Әлем чемпионы, 55 келідегі Махмұд Сабырхан бірінші айналымда Оңтүстік Кореяның өкілі Жаеонг Шингке еш мүмкіндік қалдырмады. Айқас барысында отандасымыз қарсыласын екі мәрте нокдаунға да жіберді. Нәтижесінде ол 5:0 есебімен басым түсті.
Енді жерлесіміз ширек финалдық жекпе-жегін 3 шілде күні өткізеді.
Ұқсас жаңалықтар