Астанада базардағы өртті сөндіру кезінде үш құтқарушы жарақат алды

18 шілде, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Астанада базардағы өртті сөндіру кезінде үш құтқарушы жарақат алды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Өрттен зардап шеккендердің қазіргі жағдайы туралы Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ақпарат берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Алаш тас жолындағы өрттің салдарынан үш құтқарушы зардап шекті. Жедел жәрдем желісі бойынша екеуі әртүрлі жарақаттармен Ұлттық травматология және ортопедия орталығына жеткізілді. Тағы бір жәбірленуші N1 Көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр, тұрақты», - делінген Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы берген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін елордада «Биг Шанхай» базарының өртенгені туралы хабарлаған болатынбыз.