Елордада ірі сауда орталығы өртенді (ВИДЕО)

Фото: Оңалхан Өнерхан
Астаналық өрт сөндірушілер Алаш тасжолының бойындағы үш қабатты сауда орталығындағы өртті сөндірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Өрт туралы хабар кеш берілгендіктен, өрт бүкіл ғимарат аумағына тарап, үлкен көлемде өршіді. Көп көлемді жанғыш жүктеменің болуы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатты», - делінген ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Өртті сөндіруге 165 маман және шамамен 62 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Айта кету керек, базар әкімшілігі өрт туралы хабарламаған. Өртті бірінші және үшінші қабаттың терезелерінен шыққан қою қара түтінді байқап қалған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өздері анықтаған.
Ұқсас жаңалықтар

16 қазан, 2025
Қарағандыда есірткі таратқан шетелдіктер ұсталды

16 қазан, 2025
Алматы облысында жеті жасөспірім оқушы қызды зорлады деген күдікке ілінді

16 қазан, 2025
Бас прокуратура интернет-алаяқтар енді мұғалімдерді нысанаға алғанын ескертті

16 қазан, 2025
СҚО-да сот орындаушылар 133,5 млн теңге табысты жасырған