Жылдық табысы 33 миллион теңгеден асатындар 15% салық төлеуі мүмкін
9 сәуір, 2025


фото: Оңалхан Өнерхан
Мәжілістің жалпы отырысында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин корпоративтік табыс салығының базалық мөлшерлемесі 20% деңгейінде сақталатынын айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бірақ жекелеген секторлар үшін жоғары мөлшерлеме белгіленеді.
«Маңызды бастамалардың бірі – жеке табыс салығының прогрессивті мөлшерлемесін енгізу болып табылады. Мәселен, жылдық табысы 8 500 айлық есептік көрсеткіштен асатын қызметкерлер үшін жоғары 15% мөлшерлемені белгілеу ұсынылады. Бұл жоғары табысқа қосымша салық салынатын тетікті құруға мүмкіндік береді»,- деді Серік Жұманғарин.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Ұлттық қор қаражатын қайтарудың жаңа тәртібі қабылданды

1 тамыз, 2025
2024 жылы Қазақстанның экономикасы 5 пайызға өсті

31 шілде, 2025
Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады

30 шілде, 2025
2025 жылы әлемдік экономика көрсеткіші 3% артады - Халықаралық валюта қоры