Наурыз мерекесінде елорданың медициналық ұйымдары қалай жұмыс істейді
19 наурыз, 2025


Фото: Оңалхан Өнерхан
Мереке күндері елордалық емханалар мен ауруханалар әдеттегідей жұмыс істейді. Астаналық ауруханалар қала тұрғындарын тәулік бойы қабылдайтын болады. Резервтік мамандандырылған палаталарды бөлу арқылы жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетуге толық әзірлік қамтамасыз етілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында кезекші дәрігерлер сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Фильтр бөлмелері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді, қоңыраулар 8:00-ден 16:00-ге дейін қабылданады.
103 қызметі диспетчерлер мен жедел жәрдем бригадаларының үздіксіз жұмысын жалғастыруда. Тәулік бойы хабарламалар мен қоңыраулар қабылданады.
Ұқсас жаңалықтар

31 шілде, 2025
Аллергиялық ринит неден пайда болады

30 шілде, 2025
Жеке кәсіпкерлер МӘМС төлемдері мен жеңілдіктер туралы нені білуі керек

30 шілде, 2025
Елімізде адам папилломасы вирусына қарсы 240 мыңға жуық профилактикалық екпе жасалды

30 шілде, 2025
Медициналық сақтандыруда не қамтылған және оны қалай пайдалану керек