Жалпыұлттық аза тұту күні

Ұлттық статистика бюросы қызметкерлері Оңтүстік Кореяның озық цифрлық тәжірибесімен танысты

29 маусым, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Ұлттық статистика бюросы қызметкерлері Оңтүстік Кореяның озық цифрлық тәжірибесімен танысты
Фото: Ұлттық статистика бюросынан

Ұлттық статистикасы бюросының делегациясы Корея Республикасының Деректер және статистика министрлігінде оқу сапарымен жүр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Іс-шара Азия даму банкінің қолдауымен іске асырылып жатқан Статистиканы жетілдіру бағдарламасы аясында ұйымдастырылған.

Негізгі мақсат – ресми статистика мен деректерді жинау және тарату саласындағы Оңтүстік Кореяның озық тәжірибесін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді жетілдіруге арналған заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдерді зерделеу.

Алынған білім Қазақстанның ұлттық статистика жүйесін одан әрі жаңғыртуда пайдаланылатын болады.