ҚФФ Астанада футбол алаңында болған оқыс оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады
10 тамыз күні Астанадағы футбол алаңында жаттығу кезінде қақпа баланың үстіне құлаған, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.
Оқиға болған футбол алаңын Қазақстан футбол федерациясы жеке футбол мектебіне жаттығу жиындарын өткізу үшін жалға берген.
«Зардап шеккен бала медициналық мекемеге жеткізіліп, қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Федерация медициналық мекемемен байланыста және баланың жағдайын бақылауда ұстап отыр. Федерация балаға және оның отбасына қолдау білдірді», делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта федерация оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, нысан мен құрал-жабдықтардың техникалық жағдайына ішкі тексеру жүргізіп жатыр.
Еске сала кетсек, елордада полицей автобуста кәмпитке қақалған сәбидің құтқарды.