Референдум-2026

Астаналық полицей автобуста кәмпитке қақалған сәбидің өмірін құтқарды - ВИДЕО

Бүгін, 12:27
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астаналық полицей автобуста кәмпитке қақалған сәбидің өмірін құтқарды - ВИДЕО
видеодан скрин/ІІМ

Астанада автобус ішінде кәмпитке қақалып, тыныс ала алмай қалған сәбиге жолаушы дер кезінде алғашқы көмек көрсетіп, оның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Оқиға қоғамдық көлікте болған. Балалар арбасында отырған сәби кенеттен кәмпитке қақалып, тыныс алуы қиындаған. Жағдайды байқаған жолаушы бірден балаға көмек көрсетуге кіріскен. Ол сәбиді қолына алып, еңкейтіп, тыныс жолын ашуға бағытталған алғашқы көмек тәсілдерін қолданған.

Көп ұзамай баланың тыныс алуы қалпына келіп, қауіп сейілген.

Кейін сәбиге көмектескен азаматтың Астана қаласы полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкері Әлішер Жарқымбеков екені анықталды.

Полиция қызметкері бұл кезде қызметтік міндетін атқарып жүрген жоқ. Алайда оның әрекеті төтенше жағдайда адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Еске салсақ, Алматыда балконнан секірмек болған әйелді полицейлер сабырға шақырып, қайтадан пәтер ішіне кіргізген.