Диалог және нақты көмек: Астана прокуратурасы азаматтар үшін Ашық есік күнін ұйымдастырды
«Заң мен Тәртіп» идеологиясын, сондай-ақ «Қамқорлық пен Заң» жобасын іске асыру шеңберінде қала прокуратурасы мемлекеттік органдармен бірлесіп азаматтар үшін Ашық есік күнін өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы прокуратурасына сілтеме жасап.
200 тұрғын әлеуметтік қорғау, зейнетақымен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, тұрғын үй және еңбек қатынастары, атқарушылық іс жүргізу, мемлекеттік қызметтер алу және т.б. саласында көмек алды.
«Қабылдау барысында 80 мәселе шешілді, қалғандары бойынша - шаралар қабылдай отырып, қажетті түсініктемелер берілді», - делінген хабарламада.
Елорда прокуратурасы азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін кешенді қолдау көрсетуді жалғастырады.
Еске салайық, бұған дейін елорда прокуратурасы азаматтарды дропперге айналудан сақтандырғаны туралы жаздық.