Астанада Creative Aimaq жәрмеңкесі өтеді
Әр демалыс сайын Астана - Қазақстанның креативті индустрияларының тоғысатын орталығына айналады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Qazaq Creative Hub баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Creative Aimaq жобасы аясында әр сенбі және жексенбі күндері елорда төрінде еліміздің өңірлерінен келген мәдениет, өнер, қолөнер мен шығармашылық әлеует бір алаңда тоғысады.
Бұл – әр өңірдің қайталанбас болмысын танып, жаңа есімдерді ашуға, отандық шеберлердің бірегей туындыларын тамашалап, сатып алуға және Қазақстанның креативті индустриясының сан қырлы әлемінен шабыт алуға тамаша мүмкіндік.
Тамыз айының кестесі:
1–2 тамыз – Абай облысы
8–9 тамыз – Алматы облысы
15–16 тамыз – Жетісу облысы
29–30 тамыз – Түркістан облысы
Өтетін орны: Qazaq Creative Hub (Жошы хан көшесі, 16/2)
Кіру тегін!
Creative Aimaq – Креативті индустрияларды дамыту қорының Қазақстан өңірлеріндегі шығармашылық жобалар мен креативті әлеуетті қолдауға, дамытуға және кеңінен танытуға бағытталған бастамасы.
Еске салайық, Астанада Абай облысының креативті әлеуеті таныстырылатыны туралы жаздық.