Референдум-2026

Дастан Сәтпаев туралы анимациялық ролик жарық көрді

31 шілде, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Дастан Сәтпаев туралы анимациялық ролик жарық көрді
Фото: Instagram/Hamid Sahari

Танымал спорт аниматоры Хамид Сахаридің жаңа ролигінде ұлттық құрама шабуылшысы Дастан Сәтпаев басты кейіпкерге айналды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Ролик сюжетінде АПЛ бапкерлері «Челсидің» жас ойыншыларын мазақ етеді. Бірақ осы сәтте Дастан Сәтпаев пайда болып, өзінің жоғары жылдамдығын паш етеді. Кейін ол «Челсидің» бас бапкерін ауыр зілтемірмен бірге көтереді. Осыдан кейін бапкерлер күлкісін доғарып, Сәтпаевқа таңданыспен қарайды.

Айта кетейік, Хамид Сахари әлемдік футболға арналған әзіл-сықақ анимациялық видеоларымен танымал спорт карикатурашысы саналады. Оның жұмыстары әлеуметтік желілерде миллиондаған қаралым жинайды.