Референдум-2026

Бүгін қазақстандық теміржолшылар кәсіби мерекелерін атап өтеді

Бүгін қазақстандық теміржолшылар кәсіби мерекелерін атап өтеді
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Жыл сайын тамыз айының алғашқы жексенбісінде Қазақстанда Теміржол көлігі жұмыскерлері күні аталып өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Теміржолшылар күн сайын пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етіп, жолаушылардың қауіпсіздігін сақтауға және жүктердің уақытылы жеткізілуіне жауап береді. Сала мамандарының кәсібилігі мен жауапкершілігінің арқасында Қазақстан халықаралық бағыттарды дамытып, өзінің көлік-логистикалық әлеуетін нығайтып келеді.

Барша теміржолшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Мереке құтты болсын!